🏫 №22 жалпы орта білім беретін мектепте «Заң мен тәртіп» жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін жетілдіру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Абайлаңыз, жол!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
👮♂️ Іс-шара барысында мектеп инспекторы А. Тапаев 1–4-сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, бағдаршам белгілеріне бағыну және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру тәртібі туралы түсіндірді.
🚸 Сонымен қатар оқушыларға жол бойында мұқият болу, жолдан өту кезінде сақтық шараларын сақтау және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.
✅ Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы түсініктерін кеңейту, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және жазатайым оқиғалардың алдын алу.
🚦 Жол қауіпсіздігі – әр баланың өмір қауіпсіздігінің кепілі!
#ЗаңМенТәртіп #АбайлаңызЖол #ЖолҚауіпсіздігі

