Жүгіру жолы:
№22 жалпы орта білім беретін мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер!

📚 «ДІН – МЕЙІРІМДІЛІК ДІҢГЕГІ»

🏫 №22 жалпы орта білім беретін мектепте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жоспарына сәйкес «Дін – мейірімділік діңгегі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге мектеп директоры З.М. Аязбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, 9–11-сынып оқушылары және арнайы шақырылған мамандар – «Шапағат» қоғамдық қорының теологы Ақиқат Дусипкалиев пен Ішкі саясат бөлімінің өкілі Рахымжан Мухамеджанов қатысты.

🔹 Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, жастарды теріс діни ағымдардың ықпалынан қорғау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

💬 Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

✨ Мақсатымыз – саналы, білімді, рухани құндылықтарды құрметтейтін, бейбітшілік пен бірлікті бағалайтын ұрпақ тәрбиелеу!

#ДінМейірімділікДіңгегі #ЭкстремизмніңАлдынАлу #ТерроризмгеҚарсы #ДіниСауаттылық #ҚұқықтықТәрбие

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *