2026 жылғы 14 қазанда мектебіміздің жас мамандарына «Ұстаз келбеті: талғам, әдеп, мәдениет» тақырыбында педагогикалық әдеп нормаларын түсіндіру мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараны Әдеп кеңесінің төрайымы Баданова Назира Амановна ұйымдастырып, жас мамандарға педагогикалық әдептің маңыздылығы туралы баяндама оқыды.

Баяндама барысында мұғалімнің кәсіби мәдениеті, сыртқы келбеті мен киім кию талғамы, сөйлеу әдебі, әріптестермен, оқушылармен және ата-аналармен қарым-қатынас жасау мәдениеті туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар педагогтің бойында болуы тиіс адамгершілік қасиеттер, ұстаздық жауапкершілік, сабырлылық, әділдік, сыпайылық және өзара сыйластық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жас мамандарға педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерін адал атқару, оқушылардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, мектептің ішкі тәртіп ережелерін ұстану және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас педагогтердің кәсіби мәдениетін қалыптастыру, педагогикалық әдеп талаптарын сақтауға бағыт беру және ұстаздың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Қорытындылай келе өткізілген түсіндіру жұмысы жас мамандардың педагогикалық әдеп туралы түсініктерін кеңейтуге, кәсіби мәдениетін жетілдіруге және ұстаздық қызметте әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығын ұғындыруға бағытталды.
@adisteme_ortalyk_atyrau
@atyrau_bilim_basqarmasy
@jylyoi_audany_bilim_bolimi
@zhylyoi_bilim_zhanalyqtary

