Мектебімізде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ұйдастыруымен жас мамандарға арналған мектепішілік әдістемелік кеңес апталығы өткізілуде. Апталық аясында 13.10.2026 күні ағылшын тілі пәні мұғалімдері «Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сағатының мақсаты – пәндік олимпиадаға дайындықты жүйелі ұйымдастыру, дарынды оқушыларды анықтау және олармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.
Іс-шара барысында ағылшын тілі пәні мұғалімдері Нургул Женисовна, Салтанат Рысмуханбетовна және Эльвира Айбековна олимпиадаға дайындықтың кезеңдері, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру, қосымша ресурстарды пайдалану және психологиялық дайындық мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты мысалдар мен тапсырмалар ұсынды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, пайдалы ақпарат алды.
Шеберлік сағаты жоғары деңгейде өтіп, жас мамандардың олимпиадаға дайындау бағытындағы кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етті.
@adisteme_ortalyk_atyrau
@atyrau_bilim_basqarmasy
