Жүгіру жолы:
№22 жалпы орта білім беретін мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер!

📚✨ ҰСТАЗ ТӘЖІРИБЕСІ – ЖАС МАМАНҒА БАҒДАР!

№22 жалпы орта білім беретін мектепте «Ұстаз тәжірибесі – жас маманға бағдар: тиімді сабақ, әдістемелік қолдау және кәсіби даму» тақырыбындағы әдістемелік қолдау апталығының қорытынды кеші ұйымдастырылды.

🎯 Апталықтың басты мақсаты – жас мамандардың кәсіби қалыптасуына қолдау көрсету, тәжірибелі ұстаздардың озық тәжірибесін насихаттау, тиімді оқыту әдістерімен бөлісу және педагогтердің кәсіби дамуына жол ашу.

🌿 Қорытынды кеш барысында мектеп психологі С.Жекейбаева жас мамандардың психологиялық жай-күйін нығайтуға, өзіне деген сенімділігін арттыруға және ұжымдық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тренинг өткізді. Сонымен қатар жас мамандардан кері байланыс алып, олардың апталықтан алған әсерлері, ой-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

🏆 Өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға кәсіби бағыт-бағдар берген, әдістемелік қолдау көрсетіп, ұстаздық өнегесін танытқан педагогтер марапатталып, еңбектері ерекше бағаланды.

💐 №22 жалпы орта білім беретін мектеп – тәжірибе мен ізденіс тоғысқан, жас мамандарға қолдау көрсетіп, кәсіби дамуға мүмкіндік беретін орта!

🎶 Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – жас мамандардың орындауындағы “Біздің мектеп” әні болды. Әнмен түйінделген шара мектепке деген сүйіспеншілік пен ынтымақтастықты айшықтайды.

@zhylyoi_bilim_zhanalyqtary

@jylyoi_audany_bilim_bolimi

@atyrau_bilim_basqarmasy

@adisteme_ortalyk_atyrau

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *