Жүгіру жолы:
№22 жалпы орта білім беретін мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер!

✅ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ АПТАЛЫҒЫ✅

Мектебімізде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ұйдастыруымен жас мамандарға арналған мектепішілік әдістемелік кеңес апталығы өткізілуде. Апталық аясында 12.10.2026 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Бөлегенова С.К. «Оқу мақсатынан нәтижеге жету» тақырыбында шебер сынып өткізді.

Шебер сыныптың мақсаты – оқу мақсаттарына негізделген сабақты жоспарлау, күтілетін нәтижеге қол жеткізу жолдарын айқындау және оқушының білім сапасын арттырудағы тиімді әдістерді тәжірибеде көрсету.

Іс-шара барысында бірлестік жетекшісі сабақ мақсатын дұрыс қою, оқу тапсырмаларын оқу мақсатымен сабақтастыру, бағалау критерийлерін анықтау және сараланған тапсырмалар арқылы нәтижеге жету тәсілдерін жан-жақты түсіндіріп, тәжірибелік мысалдар ұсынды. Қатысушы мұғалімдер өзара пікір алмасып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Шебер сынып жоғары деңгейде өтіп, жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған мазмұнды және пайдалы алаң болды.

@adisteme_ortalyk_atyrau

@atyrau_bilim_basqarmasy

@jylyoi_audany_bilim_bolimi

@zhylyoi_bilim_zhanalyqtary

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *