Мектебімізде «Білім беру ортасында баланың қауіпсіз қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
🎯 Жиналыстың мақсаты: ата-аналардың бала қауіпсіздігі туралы түсінігін кеңейту, балалардың өзара сыйластық, әдепті қарым-қатынас жасау, жеке шекарасын сақтау және қиын жағдайларда көмек сұрай білу дағдыларын қалыптастырудағы ата-ананың рөлін түсіндіру.
🗣️ Жиналыс барысында балалар арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, буллингтің алдын алу, баланың эмоционалдық жағдайын түсіну, отбасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды. Ата-аналарға балаларын мұқият тыңдау, олардың сезімдерін құрметтеу және кез келген жағдайда қолдау көрсету бойынша психологиялық кеңестер берілді.
🤝 Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік! Баланың өзін қауіпсіз сезінуі, ойын еркін жеткізуі және ата-анасына сенім артуы – оның тұлғалық дамуының маңызды негізі.
💚 Балаға қауіпсіз орта қалыптастыру отбасынан басталып, мектеппен бірлесе жүзеге асады. Бірлескен жұмыс арқылы біз балаларымыздың бақытты, сенімді әрі қауіпсіз ортада өсуіне үлес қосамыз!
