Мектебімізде оқушылардың психологиялық саулығын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында ата-аналармен мектеп психологтары жиналыстар өткізілді.
🔹 5-сынып ата-аналарына: «Баланың бастауыш сыныптан орта буындағы оқу жағдайына бейімделуі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Баланың жаңа оқу ортасына бейімделуі, пән мұғалімдерінің талаптарына үйренуі, өзіне деген сенімділігін арттыру және ата-ананың психологиялық қолдауы туралы кеңестер берілді.
🔹 6-сынып ата-аналарына: «Қақтығыс жағдайында қалған балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Баланың сезімін түсіну, оны мұқият тыңдау, қиын жағдайда қолдау көрсету, мәселені бейбіт жолмен шешуге үйрету және отбасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы талқыланды.
🔹 7-сынып ата-аналарына: «Мектептегі тұлғааралық қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Оқушылар арасындағы сыйластық, өзара түсіністік, достық қарым-қатынас, жеке шекараны құрметтеу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
