🌟 ЖАРҚЫН ЖЕҢІС! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСҰЛАН – «АЙҚАНАТ» ОЛИМПИАДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ!👏👏👏
Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Жақсылық Жасұлан «Айқанат» олимпиадасының республикалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, грант иегері атанды.
Бұл – білімге деген құштарлықтың, қажырлы еңбектің және табандылықтың жарқын жемісі. Дарынды шәкіртіміздің жетістігі – мектебіміздің мерейі мен мақтанышы.
Осы айтулы жеңісімен Жақсылық Жасұланды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім бәйгесінде биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!
Жеңісің құтты болсын, Жасұлан! Жарқын болашағыңа сәттілік, толағай табыстар тілейміз!
